Тұңғыш президент күніне орай "эссе" жазу байқауы

Шымкент қаласының Дарын орталығы қалалық білім басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы №10-06-03/5720/2 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау мақсатында білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эссе жазу байқауы қашықтықтан өтілетінін хабарлайды.
Байқауға қатысушылар https://dropmefiles.com/XgOv8 (Бір ел, бір тағдыр); https://youtu.be/5G0wfeVyKEA (Один народ, одна судьба) сілтемелеріндегі деректі фильмдерін көре отырып «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эссе жазуы тиіс. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!