Итоги городского этапа республиканского творческого конкурса «Мир Абая».

Шымкент қаласының Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Республикалық байқаудың қалалық кезеңі №89 ІТ мектеп-лицейінің базасында өткізілді. Конкурсқа 37 білім беру ұйымдарынан 60 оқушы қатысты. Конкурсқа қатысушылар ережеге сәйкес бірінші кезеңде эссе жазып, екінші кезеңде ақынға арнау және «Сенде бір кірпіш дүниеге...» тақырыбында  15 минут ішінде өлең шығаруға  тапсырма берілді.        
           Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауына М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Абайтану ғылыми-оқу орталығының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қалдыбаев Тұрдыбай, Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері  Ботабекова Айшат Абдрашитовна және М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің докторанты Амирова Гаухар Оразбаевна әділ қазылық етті. 
        Әділ-қазылар отырысының шешімімен:
 8-сынып бойынша эссе жазу бағытынан «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты»-нан Үсенбек Дариға І-орын;  ақындық бағыты бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінен Пайзихан Аяжан ІІ-орын, осы бағытта «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты»-нан Ермахан Шұғыла ІІІ-орын иеленді. 
9-сынып бойынша ақындық бағытында Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы  Сұлтанбек Аңсаған І-орын, ақындық бағытында Т.Тәжібаев атындағы №81 ЖОББМ  Аманқұлова Айгерім ІІ-орын, эссе жазу бағытында №122 ЖОББМ-нен Сман Аяулым ІІІ-орынды иеленді.
10-сынып бойынша эссе жазу бағытында  Майкоккалиева Алина «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының оқушысы І-орын, эссе жазу бағытында Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы  Еркешова Жансая ІІ-орын, ақындық бағытында №102 ЖОББМ-нің оқушысы Сайлау Зейнур ІІІ-орын иеленді.
11-сынып бойынша ақындық бағытта Төленбек Нұртілеу С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы І-орынды,  эссе жазу бағытында Файзулла Арайлым К.Қасымұлы атындағы №82 ЖОББМ-нің оқушысы ІІ-орынды, осындай бағытта Абдрахманова Аяжан  Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы ІІІ-орын иеленді. 
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!