Итоги регионального (первого) этапа Президентской олимпиады

Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 18 қарашасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып №89 ІТ мектеп-лицейінің базасында өтті. Олимпиада ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде 63 мектептен 65 оқушы қатысты. Ереже талабына сәйкес Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары қатысты. Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды өздерінің оқу тілінде орындады: математика, физика, химия және биология. Тапсырмалар тест түрінде қазақ, орыс тілдерінде өтті. Жоғары балл жинаған жиырма оқушы үздік деп танылып екінші кезеңге өтті. Жеңістеріңіз құтты болсын!
1. Айтбаева Аружан - №94 (40 балл)
2. Өтеш Дидар - №47 (39 балл)
3. Арыстамбек Жаннұрхан - №1 дарын мектебі (34 балл)
4. Серікбай Мұхтархан – БИЛ 1 (33 балл)
5. Нұрхан Ықылас - №8 (33 балл)
6. Медет Жанболат - №1дарын (31 балл)
7. Шариков Тимофей - №38 (31 балл)
8. Кенбаева Ариана - №8 (31 балл)
9. Нашауов Тимур - №46 (29 балл)
10. Амантай Венера - №65 (27 балл)
11. Сейдахым Аружан - №66 (27 балл)
12. Юлдашева Комила - №113 (27 балл)
13. Бораш Сара - №89 (26 балл)
14. Текебай Гүлбану - №83 (26 балл)
15. Мирхамутова Мадина - №107 (26 балл)
16. Сейдрахманова Венера - №131 (26 балл)
17. Жақи Динара - №2 дарын (25 балл)
18. Антонов Евгений - №9 (25 балл)
19. Тойшыбай Ақтоты - №16 (25 балл)
20. Медет Айғаным - №80 (25 балл).
Екінші кезең (іріктеу) екі турда өткізіледі:
1) Бірінші тур (қашықтық) 24 қарашада сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен.
2) Екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) 24 қарашада сағат 17.00-де өтеді.