Мүмкіндігі шектеулі жандар мен инклюзивті балаларға арналған «Жыл мезгілдері» атты IV Республикалық көркем сурет және фотосурет байқауы

Шымкент қаласының Дарын орталығы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, мүмкіндігі шектеулі жандар мен инклюзивті балаларға арналған «Жыл мезгілдері» атты IV Республикалық көркем сурет және фотосурет байқауы өткізілетінін хабарлайды.

Байқау мақсаттары:

- Балалардың көркем талғамын қалыптастыру;

 -  Ой – қиялын, есте сақтау, ойлау қабілеттерің дамыту;

 -  Шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және мадақтау.

Бағалау критерийлері:

- Жас ерекшелігіне сәйкес келуі;

 - Эмоцианалды әсері, қиялы, ерекшелігі;

 - Автордың жеке үлесі.

 Суреттер  сурет дәптерінде  өзінің орындау техникасына байланысты (май бояуы, акварель, тушь, түрлі түсті қарындаш, бор және т.б.)  салыну қажет.  Фотосуреттер коллаж түрінде А4 форматта қабылданады. Барлық жұмыстар электронды түрде JPG (фото, скан-көшірмесі) форматында  қабылданады.                        

Байқауға 1-4 класс,  5- 6 – 7 класс және 8 – 9 класс оқушылары қатыса алады.      Қатысушы сұраныстар мен жұмыстарды  daryndy20@bk.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Сұраныс қабылдау уақыты: Сұраныс 2020 жылдың 05 желтоқсанынан  2021 жылдың 19 қаңтарына  дейін.

 Қорытындылау уақыты:  02.02.2021  Қатысу жарнасы – ТЕГІН.

Осы байқауға  бір мекемеден 10 – нан артық  қатысушы қатыстырған жетекші  мадақтамаға иеленеді. 

Жеңімпаздар электронды түрде I, II, III деңгейлі дипломдармен немесе мадақтамалармен  марапатталады.

Бас ЖҮЛДЕ ЖЕҢІМПАЗЫ  диплом мен кубокка және  Қоғамдық қор атынан 10 000 ( оң мың) теңге сертификатқа ие болады.