«Менің сүйікті спортым» атты жас суретшілер конкурсы

Шымкент қаласының Дарын орталығы «Мектеп спортының федерациясы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі ұйымдастырып отырған «Менің сүйікті спортым» атты жас суретшілер конкурсы  өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты - жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау.

Конкурсқа қатысу шарттары 

  Конкурсқа бейнелеу өнерімен сурет үйірмелерінде мен студияларда, көркемсурет мектептерінде және бейнелеу өнерінің басқа оқу орындарында өз бетінше айналысатын кез-келген адам қатысушы бола алады.          

Конкурсқа қатысу ақысыз.

Конкурс үш кезеңде өтеді:

  • І кезең – конкурстың жұмыстарын жинау, 2020 жылдың қараша айының 26-на дейін.
  • ІІ кезең - қазылар алқасының жұмысы, конкурс нәтижелерін хабарлау, конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау, 2020 жылдың желтоқсан айы.            ІІІ кезең - Суреттер көрмесін және қайырымдылық аукционын өткізу, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары.
  • Конкурсқа қатысу ақысыз.

Конкурс майлы кескіндеме бойынша 3 жас топ ерекшеліктері бойынша

өткізіледі:

  • 1 топ - 12-13 жас;
  • 2 топ - 14-15 жас;
  • 3 топ - 16-18 жас.

Конкурсқа осындай жас топтары аралығындағы ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар үшін де өткізіледі. Қазылар алқасы олардың конкурсқа қатысу нәтижелерін жеке қарастырады. Конкурс аясында қатысушылар бір немесе бірнеше жұмыс ұсына алады. Қатысушы конкурстың  ұйымдастырушыларына келесі конкурстық материалдарды жібереді:

  • конкурсқа қатысуға сұраныс;
  • конкурстық жұмыстың түпнұсқасы.
  • Конкурстық жұмыстың форматы - А2.
  • Конкурстық жұмыстың артқы бетінде қатысушының мәліметтері көрсетіледі.   

Конкурстық материалдар ағымдағы жылдың 26 қарашасына дейін Шымкент  қаласының Дарын орталығында (Шымкент қаласы, Ғ. Иляев көшесі, 66 үй) қабылданады.

Ескерту:Конкурсқа 18 жасқа толған қатысушының немесе қатысушының заңды өкілінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға сұранысы болған жағдайда ғана жұмыстар конкурсқа қабылданады.

Конкурс нәтижелері 2020 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады