Орталық туралы

img

  • Мемлекеттік мекеменің мақсаты: дарынды балаларды аныктау, колдау, окыту және дамытуға жагдай жасау.
  • Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
    • оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту;
    • оқушылардың табиғи зияткерлік қабілеттерін жан-жақты дамыту;
    • өздігінен білім алу және ғылыми-зерттеу іс-әрекет дағдыларына үйрету;
  • Мемлекеттік мекеме белгі цикл пәндері саласында жоғары деңгейде оқыту негізінде қосымша білім берудің оқу бағдарламалары бойынша дайындық көрсетеді және келесі қызмет түрлерін іске асырады:
    • оқушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады;
    • мектеп оқушыларын қосымша білім беру жүйесі арқылы дарынды балалармен жұмыстың негізгі түрлерін дамытады;
    • мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына әртүрлі деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық сайыстар, ғылыми жарыстар, олимпиадалар ұйымдастырады және өткізеді;
    • олимпиадалық резерв дайындау үшін оқу-жаттықтыру жиындарын өткізеді
    • әртүрлі зияткерлік жарыстарды, қалалық, республикалық олимпиадаларды, соның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді және енгізеді;
    • ғылыми-тәжиірбелік жинақтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, тест тапсырмаларының жинақтарын және өзге де ғылыми, әдістемелік анықтамалық әдебиетті құрастырады және басып шығарады;
    • зияткерлік іс-шаралар кезінде оқушылармен психологиялық тренинг өткізеді;
    • дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың әдістемелік дайындығын қамтамасыз етеді;
    • әртүрлі санаттағы педагогтардың әдістемелік қауымдастығын құрады.